Мырзашөлдік мақташылар мақта өсіруде тың тәсілдерді қолдана бастады

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында жергілікті әкімдік пен облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен «Мақтарал ауданының жағдайында мақта баптаудың инновациялық әдістерін қолдану» тақырыбында семинар — тренинг өтті.Жиынға аудан әкімі Ғалым Исмаилов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков, Шардара, Ордабасы аудандары мен Түркістан қаласы әкімдерінің салалық орынбасарлары және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ Алматы мен Жамбыл облыстарынан келген ғалымдар, жергілікті шаруалар қатысып, тың тәжірибелер мен жаңалықтардың куәсі болды.Ең алдымен семинар тренингке қатысушылар Достық ауылдық округіндегі К-19-7 каналының бойында «Қазақ су шаруашылығы» ғылыми зерттеу институты ойлап тапқан су өлшеуіш құралды практикалық сынақтан өткізді. Институт мамандары құрастырған су деңгейінің датчигі ультрадыбысты өлшегіш арқылы су деңгейінің өзгерісі туралы ақпараттарды қашықтан алуға мүмкіндік береді. Ақпарат жеке почтаңызға немесе СМС түрінде мобильді телефоныңызға келіп түседі. Компьютер мен смартфон дамыған бүгінгі таңда мақтаралдық диқандарға бұл құрылғымен жұмыс жасау қиындық тудырмайды. Жалпы, ДУВ 0,005-10 датчигін суармалы жүйелердің гидробекеттеріне енгізу – су деңгейі мен шығынын анықтау дәлдігін жоғарылатады және ақпаратты жылдам алуға көмектеседі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*