Мақтааралда мақтаны суғаруда қашыртқы кәріз суларын фосфогипс енгізу арқылы пайдалану технологиясы сынақтан өтіп жатыр

Мақтарал ауданының суармалы жерлеріне жер асты және қашыртқы кәріз суларын фосфогипс енгізу арқылы пайдалану технологиясын ғалымдар бірнеше айдан бері «Кетебай» кооперативінде сынақтан өткізіп келген. Сынақтан өтіп жатқан технологияның басты мақсаты — суармалы жерлердің құнарлығын сақтай отырып мол өнімге қол жеткізу. «Фосфогипсті бір рет енгізген жағдайда кемінде 3-4 жыл бойы жер құнарлығын жоғалтпайды», — дейді «Қазақ су шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтының ғалымдары.Семинар тренинге қатысушылардың келесі аялдаған жері – Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Нұралы жол» шаруа қожалығы. Ербол Ералиевтің басшылығындағы қожалық 7 жыл бұрын ауданда ең бірінші болып «терең қопсыту» технологиясын қолданған болатын. Нәтижесінде қожалық мақтасының өнімділігі 40 центнерге дейін артты. Бұл технологияның бір пайдасы – мақта алқабы қысқы суару кезеңінде көбірек су қажет еткенімен, жазғы суару кезінде суды көп қажет етпейді және ол мақтаралдықтар үшін өте тиімді. Осылайша Мақтаралда мақта өндіруден алдына жан салмайтын шаруашылықтың тәжірибесін семинар-тренингке қатысушылар көріп, үйреніп қайтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*