Шымкентте «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында орталықтар ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкентте облыс әкімінің орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға «Көмек» оңалту орталығы мен медициналық-психологиялық оңалту және әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталықтары ашылды.   ҚР Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының мақсаты — отбасындағы жанжалдарға тосқауыл қойып, шаңырақ ынтымағын сақтау болып табылады. Ең алдымен, жұмысшы топ шаһарда бүгіннен бастап жұмысына кіріскен «Дағдарыс орталығының» ашылуын тамашалады. Мекеме — отбасында зәбір көріп, зорлық-зомбылықтың тауқыметін тартқан азаматтар мен отбасы мүшелеріне психологиялық, әлеуметтік қолдау көрсететін болады.

Ғимаратты аралап көрген Е.Садыр әрбір шаңырақ мемлекеттің бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен отбасының өмірде дұрыс бағыт алуынан  басталатынын жеткізді.

«Бүгінде Қазақстанда отбасы-демографиялық саясатқа ерекше назар аударылып отыр.  Демографиялық өсімнің жақсарып, Қазақстан халқының саны 18 миллион адамға жетуі және халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 10 жылға ұлғаюы – мемлекеттің әрбір отбасыға қамқорлық танытуға бағытталған Елбасымыздың сарабдал саясатының жемісі», — деді облыс әкімінің орынбасары.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*