Т. Дүйсенова: Халықты нәтижелі жұмыспен қамту – тұрақтылық пен табысқа бастайды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен кездесті.  Басқосуда тараптар саладағы атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталды.Атап айтқанда Тамара Қасымқызы өңірдегі «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасы сынды маңызды бағдарламалардың орындалу барысына көңілі толатынын мәлімдеді. Министр ханым, сондай-ақ, облыстағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін халыққа түсіндіру жұмыстарын одан әрі жандандыру жайын облыс әкімімен  талқылап, оңды нәтижелерге жетудің жолдарын қарастырды.

Кездесуден соң қос жетекші әлеуметтік салалар аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша шаһардағы бірнеше нысандарды аралауға шықты. Министр Тамара Дүйсенова мен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, ең алдымен, «Өрлеу» жобасына қатысушы шымкенттік тұрғын Айнұр Жаманқұлованың шаңырағында болды. Жоба игілігін пайдаланып, 500 мың теңгеге жуық қаржы алған кәсіпкер бүгінде өз үйінен  тігін цехын ашып,  әйелдерге арналған сәнді киімдер тігумен айналысып жатыр. «Әзірге айлық табысым 150 мың теңгенің көлемінде» деген Айнұр алдағы уақытта «Өрлеудің» кезекті мүмкіндіктерін тиімді пайдаланамын деп  отыр. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*