Т.Дүйсенова оңтүстіктегі «Өрлеу» жобасына қатысушы азаматшаның жұмысына сәттілік тілеп, «Жастар тәжірибесі» аясында көмекші алуға кеңес берді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова оңтүстіктегі «Өрлеу» жобасына қатысушы азаматшаның жұмысына сәттілік тілеп, «Жастар тәжірибесі» аясында көмекші алуға кеңес берді. «Кәсібіңізді дөңгелетіп алып кету үшін сіз көмекші алып, оған шығындалудың қажеті жоқ.  Өйткені,  әзірге табысыңыз оны көтермеуі мүмкін. Сондықтан жергілікті жұмыспен қамту орталығына өтініш жазып, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен өзіңізге көмекші алуыңызға болады. Оның алты айлық жалақысын мемлекет төлеп береді. Егер ол көмекшіңіз ойыңыздан шығып жатса, келісімге келіп, еңбекақы тағайындап, жұмысқа алуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Жалпы,  халықты нәтижелі жұмыспен қамту – тұрақтылық пен табысқа бастайды. Сондықтан облыста осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беруге болады», — деді Тамара Қасымқызы.    

Жұмысшы топ  арнайы аялдаған кезекті нысан – «Стандарт Цемент» ЖШС ғимараты болды. Зауыт жұмысымен танысып, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылармен әңгімелескен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ондағы жұмысшылардың мәселелерін тыңдап, мемлекет тарапынан жасалынып отырған жеңілдіктерді баяндады. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*