Оңтүстікте «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру нәтижесінде шартты ақшалай көмек алушылардың кірісі 3,2 есеге өсіп отыр

Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматтарға еш нәрсеге күш салмай-ақ, әлеуметтік көмектің ең төменгі мөлшерін алу, не болмаса жобаға қатысып, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі туып отырғын айта кетпеуге болмайды.  Сонымен қатар, жеке ісін (мал, құс және өсімдік шаруашылығымен шұғылдану) ашу үшін 3 айдың шартты ақшалай көмектің сомасын бірден алу таңдауы беріліп отырғанын да айтуымыз қажет.Сонымен қатар, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында жеке қосалқы шаруашылықты және кәсіпкерлік қызметті дамытуға біржолғы қаражат сомасын төлеу арқылы жәрдемдесу тиімділігін байқатып үлгерді. Қазіргі таңда «Өрлеу» жобасына қатысушылардың қатарында 400 біржолғы шартты ақшалай көмек алушы жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркеліп отыр. Мұнан бөлек, «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру нәтижесінде шартты ақшалай көмек алушылардың кірісі 3,2 есеге өсіп отыр. Осының арқасында орташа алғанда адам басына айына 18,1 мың теңге межеледі.          

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*