Ж. Түймебаев: Шымкентте көпқабатты үйлерді көптеп салып, баспана кезегін азайту керек

Шымкент қаласының маңынан өндіріс орындарын көптеп ашу қажет. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамтып, шаһардағы сабылысты азайтуға сеп болады. Сондай-ақ қалада көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын  жүргізіп, газбен қамтамасыз ету мәселесіне мән берілуі тиіс.  Бүгін бұл туралы Шымкенттегі бірнеше әлеуметтік нысандағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.Аймақ басшысы ең алдымен Бозарық шағын ауданындағы 900 орындық мектепке атбасын бұрды. Мұндағы құрылыс жұмыстары мамыр айында басталған болатын.  Жобаның жалпы құны 1 млрд 200 млн теңгені құрайды. Нысанның бас мердігері «Тұр-Ахмет и компания» ЖШС-гі құрылыс – монтаждау жұмыстарына жоғары қарқынмен кірісіп, мектепті 2018 жылдың сәуір айында ел игілігіне береміз деп отыр.  Алайда  оқу, спорт және асхана блоктарының жұмыстары өндірістік кестеден 20-30 күнге кешігіп жүргізіліп жатқанын айт кеткен жөн. Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын кестеге сай жүргізуді қатаң тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*