ОҚО әкімі Шымкенттегі жол айрықтарының құрылысымен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, «Бекжан» базары маңындағы жол айрығының құрылысына аялдады. Бас мердігер – «ЖБИ-С» компаниясы нысанды 2018 жылы пайдалануға берілетінін айта кету керек. Жол айрықтың жалпы құны 1 миллиард 737 млн теңгені құрайды.Өңір басшысының назарынан Темірлан тас жолы – Мангельдин көшелері қиылысындағы жер үсті өткелі мен Қожанов көшесіндегі құрылыс жұмыстары да тыс қалған жоқ. Мұндағы жөндеу жұмыстары 2015  жылдың 1 тамыз күні басталған.  Жансейіт Қансейітұлы өткелдің құрылысына  қажетті 51 млн теңгені тездетіп бөліп, жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, мұндағы құрылыс монтаждау жұмыстарының жалпы құны 219 млн теңгені құрайды. Мердігер мекеме – «НурКаз Констракшн» ЖШС. 

Облыс әкімі күтпеген жерден Бәйдібек би және Қонаев көшесінің қиылысында орналасқан «Қазбек» әмбебап базарына соқты. Саудагерлермен тілдескен әкім базарды жыл соңына дейін Бозарық шағын ауданы маңында салынып жатқан жаңа базарға көшіруді тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*