Шымкенттегі ірі базарлардың бәрі қала сыртына шығарылмақ

Шымкент қаласындағы ретсіз сауда мен базарларды жойып, заман талабына сай сауда орындары мен алып дүкендердің құрылысын қолға алуымыз керек.  Осыған сәйкес қаланың бас жоспары бойынша ірі базарлардың бәрі қала сыртында орналасатын болады. Бүгін бұл туралы қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралау барысында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Шымшаһарды аралаған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, күтпеген жерден Рысқұлов пен Дулати көшелерінің қиылысында орналасқан «Қазыбек» әмбебап базарына аялдаған болатын. Базар маңындағы құжынаған халық пен ешқандай санитарлық талаптарға жауап бермейтін жүйесіз сауда реттерін көрген әкім базар жыл соңына дейін қала сыртына көшірілетінін айтты.  Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасына сәйкес Шымкентті ірі мегаполиске айналдыру бойынша жаңа жобалардың қолға алынып жатқанына тоқтала кеткенін де айтқан жөн.  Аталған базарды қала сыртына көшіруді жыл соңына дейін шешуді қала басшылығына тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*