ОҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 107 нысанның жоблық-сметалық құжаттары әзіленіп жатыр

Бүгінде ОҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалпы 107 нысанға жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.        2017 жылы Шымкент қаласының инфрақұрлымын дамыту мақсатында 14,5 млрд теңге қаржы бөлініп, 2016 жылы құрылысы басталған 9 нысанды аяқтауға 1,6 млрд теңге жұмсалмақ.  83 көше орташа жөндеу және 12 аяқжол салу жұмыстарына 970,8 млн бағытталған. Ең маңыздысы – қаладағы 4 жолайрықтардың құрылысына жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Десек те, Шымкент қаласындағы 19 нысанның  құрылысы созылып, мерзімінде аяқталмай, пайдалануға тапсыру мерзімі кешігуі анықталып отыр. 19 нысанның 13 нысаны 2015-2016  жылдардан өтпелі болса, 6 нысаны 2017 жылы басталған. Бұған себеп өте көп. Көбінде жобалау-сметалық құжаттамалар дайындау үрдісі кешеуілдеп, мемлекет мұқтажына қайтарылатын жер телімдерінің мерзімінің созылуы қолбайлау болып отыр. «Құрылыстың кешеуілдеуіне кедергілер өте көп. Соның бірі – жабалау-сметалық құжаттама әзірлеу үрдісі. Бұл құжатты әзірлеуге 4 ай уақыт кетеді. Сондықтан шетелдік тәжірибені пайдаланып, әзірлеу жұмыстарын заманауиландыру қажет. Осы ретте мен түркиялық әріптестердің тәжірибесін пайдалануды және өзімізде қолданысқа енгізуді тапсырамын. Тіпті қажет болса, семинар-тренингтер өткізіп, құрылысқа жауапты мердігерлердің де жауапкершілігін арттыруға тиіспіз», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жиын барысында қаламыздағы Қонаев даңғылын батыс бағытына қарай  дамыту әрі аспалы көпірлер мен жолайрықтардың сапалы әрі тиімді болуы тапсырылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*