Қытайлық кәсіпкерлер ОҚО-да екі зауыттың құрылысын бастамақ

Қытайлық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысында биоэтанол өндіру зауыты мен фосфор өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеуден өткізетін өндіріс ошағын іске қоспақшыКөршіледің инвесторлары биоэтанол өндірісіне Отырар ауданынал фосфор қалдықтарын өңдеуде Созақ өңірін қолайлы көріп отырБүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен Қытай фторселикондық өндірісі ассоциациясының директоры Сианжун Цао мырза бастаған делегацияның кездесуінде мәлім болды.Өңір басшысы шетелдік инвесторларға облысымыздың инвестициялық тартымдылығы мен индустриалдыинновациялық жобаларды іске асыратын аймақтардың әлеуетін баяндады.Облыс экономикасын өрге сүйреп келе жатқан салаларға тоқталған әкім инвестиция тарту бойынша жергілікті билік тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер мен мүмкіндіктерге кеңінен тоқталды.

«Елге инвестиция тарту – экономиканың ең негізгі тетігі. Осыны ескере отырып біз кәсіпкерлерге барынша қолдау білдіріп отырмыз. Өңірімізде 11 индустриалдық 1 арнайы экономикалық аймағымыз жұмыс істейді.   Шетелдік инвесторлар кедендік, мүліктік салықтардан босатылады. Сондай-ақ жер телімі, инфрақұрылымдық қажеттіліктердің бәрімен толық қамтамасыз ететін боламыз», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*