Ж. Түймебаев: Аудан-қала әкімдерінің жұмысы сыртқы инвестиция тартумен бағаланатын болады

Бүгінгі таңда оңтүстіктегі бірқатар аудан қала әкімдіктерінде тек бюджеттік инвестициялармен шектеліп, жеке инвестиция тарту бойынша жұмыстар төмен деңгейде жүргізілуде. Осы мәселеге нақты мән берген өңір басшысы аудан-қала әкімдеріне тиісті ескерпелер жасап, тапсырмалар жүктеді. «Аудан-қала әкімдерінің жұмысы осы сыртқы инвестиция тарту көрсеткіштеріне қарай бағаланатын болады. Жыл соңында барлық әкімдердің жұмысы сараланғанда осы мәселеге мән беріледі. Сондықтан қарап отырмай сыртқы инвесторларды қызықтыратын жақсы жобаларды әзірлеп, мемлекет тарапынан жасалынатын барлық жағдайларды тиісті деңгейде атқарғандарыңыз жөн», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Селекторлық отырыста облыстық құрылыс саласы да әңгімеге арқау болды. 2017 жылы облыс аумағында облыстық құрылыс және аудан-қала әкімдіктері тапсырыс беруші  болып табылатын 209 инвестициялық жобаның іске асырылуына 64,9 млрд.теңге қаралған.  Құрылысы жоспарланған 209 нысанның, жыл соңына дейін 116-ін пайдалануға тапсыру жоспарланса, 93 нысан 2018 жылға өтпелі.  Осы ретте облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Ергашов сөз алып, алдағы қыркүйекте 20 мектеп ел игілігіне берілетінін айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*