ОҚО-да 2016-2017 оқу жылдарында 97 білім беру нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілген

 2016-2017 оқу жылдарында Оңтүстік Қазақстан блысында 94 білім беру нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал биыл аудандық, қалалық бюджет есебінен 43 мектеп пен 2 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстарына 2,6 млрд теңге қаралған. Бүгінгі таңда 45 білім беру нысанының 36-сында күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Қалған 9 нысанда мемлекеттік сатып алу конкурысы өтуде.Осы мәселелерге тоқталған облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р. Ергашова Сарыағаш ауданындағы 15 білім беру нысаны мен Түлкібас ауданындағы 4 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары келесі жылға өтпелі болып отырғандығына тоқталды. «Облысымыздағы барлық мектептердегі күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары оқу маусымы басталғанша бітуі тиіс. Құрылыстың сапалы әрі мерзімді аяқталуына мән берілуі керек. Сондай-ақ жобалау сметалық құжаттама жұмыстарын тездетіп бітірудің жолдарын қарастырған жөн. Бұл ретте аудан әкімдері әр апта сайын атқарылған жұмастардың нәтижесін баяндап отыратын болады», — деді Жансейіт Қансейітұлы. 

Селекторлық жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев сөз алып, қазіргі таңда 5 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.

Бұдан бөлек, 34 нысанның жобалау сметалық құжаттамалдары әзірленуде. Бұл жұмыстарға 3,8 млрд теңге бағытталғалы отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*