Шетелдік туристерді Отырардағы этноауыл ерекше қызықтырады

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысымының барлық аудан, қалаларында 1, 2 және 3 күндік туристік бағыттар жұмыс істеп жатыр. Олардың аясында тарихи-мәдени және табиғи 84 нысанды аралауға болатынын айта кеу керек. Сонымен қатар, туристік бағыттарға қосылған негізгі нысандар Отырар қалашығы, Арыстан баб кесесені, Сауран қалашығы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Әзірет Сұлтан кешені, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық-табиғи паркі мен Ақмешіт үңгірі және тағы басқа да көптеген орындар бар.Қазіргі таңда туристік бағыттардың ішінде Отырар ауданындағы этноауыл туристерді ерекше қызықтырып отырғанын айта кеткен жөн. Себебі, онда қазақ ауылының аумағында көшпенділердің мәдениеті мен тұрмысын барынша шынайы қалпында көріп, сезінуге болады.

Әсіресе сырт елдерден келген туристер төрт түліктің қатарына енер жылқы мен түйеге мініп, әсем табиғатта серуендей алады. Соның арқасында кең даланың таза ауасынан жұтып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татуға болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*