ОҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасымен 53 шақырым жылу жүйесі қайта құру және ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр

ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайым, журналистерге берген баспасөз жиынында орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үйлердің жайына тоқталды. Айтуынша, осы жылдың 1 қарашасына дейін 2327 көпқабатты тұрғын үй орталық қазандыққа қосылуы тиіс екен. Қазіргі таңда, 1150 тұрғын үй жылу беруге дайын болса, мұның үлестік салмағы 49 пайызға тең болып отыр.Сонымен қатар, тағы бір айта кететін жәйт, тілшілермен болған кездесуде анықталған бір ақпар, сала мамандары «Нұрлы жол» бағдарламасы және облыстық бюджет қаржысы арқылы орталықтандырылған жылу құбырларының 31 шақырымын (барлығы 58,3 шқ.) қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізіп жатыр екен. Мұнан өзге, орталықтандырылған ауыз су құбырларын қайта құру жұмыстарына келсек, жөндеуден өтуі тиіс 75,3 шақырым су құбырының қазіргі таңда 50,4 шақырымы (67%) жұмысқа сақадай сай көрінеді. Жұмыстарды аяқтау қазан айының 15-не жоспарланып отыр екен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*