Ботагөз Ізтілеу: ЭКСПО-да еліміздің бүгінгі жетістіктерімен таныстырғанда бойымды қуаныш, мақтаныш сезімдері кернегенін жасыра алмаймын

Мемлекетіміздің Елордасы Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне осыдан 1 ай бұрын Оңтүстіктің 150 жасы аттанғаны естеріңізде болар!? Әзірге, оның 135-і өңірге қайта оралып үлгерді.

Тағы  «Үздік» деп танылған 15 жас елордамыз — Астанада қалып, төрткүл дүниеге Қазақстанның тың туындыларын таныстыруды жалғастыратынын айта кеткен жөн. «Өте әсерлі болды. Қуаныштымын! Ұмытылмайтын сәттер! «Нұр Әлем» павильоны мен өзге де жеке-аймақтардың ерекшеліктері мен мән-мазмұнын бағамдап, болашаққа қажетті деген энергия-қуат көзін атап өтіп, шетелдіктер алдында толығымен таныстыру — мен үшін үлкен мәртебе болды. Еліміздің бүгінгі жетістіктерімен таныстырғанда бойымды қуаныш, мақтаныш сезімдері кернегенін жасыра алмаймын. Сондай-ақ, халықаралық көрмеде жәй жүрген жоқпын, қажетті ақпарларды ойыма түйіп, қағазға түртіп алдым. Келешекте мен де ғалым болып, елімнің өркендеуіне үлес қоссам деген жоспар түздім» — деп, жас еріктілер жасағаның төрайымы Ботакөз Ізтілеу «ЭКСПО» көрмесінен алған әсерімен бөлісті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*