Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы аумағындағы жол-құрылыс нысандарын аралап, бүгінгі ахуалымен танысты. Ең алдымен, аймақ басшысы облыс орталығы – Шымкентті Сайрам ауданының Ақсукент ауылымен және Түлкібас ауданын қосатын негізгі транспорттық жол торабы болып табылатын Жібек жолы көшесінің қайта құру жұмыстарын көрді. Пазиков көшесінен Кіші айналма жолына дейін, Арғынбеков көшесі қиылысының жол айрығымен бірге реттеліп жатқан жолдың жалпы ұзындығы 7,8 шақырым. 2015 жылдан бері басталған осынау жұмыстарды аяқтау осы жылдың қараша айына жоспарланған.«Екі бағыттағы төрт жолақты жолдың ені бұрын 7,5-8 метрге дейін болса, бүгінгі таңда жол ені 15 метрге дейін кеңейтілді. Жұмыстар аяқталғанда аталған көшедегі көлік тығыны толықтай жойылып, Сайрам ауданы халқының қалаға келуін жеңілдететін болады. Ішкі көлік жолдарын дамыту экономикалық байланыстардың жақсаруына сеп болды.Сондықтан жол торабының бойын реттеу кезінде қала халқының жүріп, тұруына ыңғайлы болуы қажет. Ал,сала жетекшілері бөлінген қаржыны тиімді пайдалануы тиіс»-деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Салыхан Полатов Созақ ауданының әкімі қызметіне тағайындалды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен өңіріміздің теріскейіндегі Созақ ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұдан былай уран мен шұбатын брендке айналдыра білген Созақ ауданын Полатов Салыхан Сабырұлы басқаратын болады. Жаңа әкімді облыс әкімінің бірінші орынбасары […]
ОҚО әкімі: Өңірдің дамуына сыртқы инвестицияның қосар үлесі зор болуы керек
Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына сыртқы инвестицияның қосар үлесі зор болуы керек. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін аудан әкімдері кәсіпкерлер мен инвесторларға барлық тиісті жағдайларды жасауға міндетті. Сонымен қатар, жыл соңына дейін аяқталуы тиіс құрылыс нысандарындағы […]
ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Биыл қалада 3 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде. Соның бірі — Әкімшілік іскерлік орталығындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды. Айта кетейік, жыл сайын өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру бөлімдерінің материалдық-техникалық базасы заманауи […]
Пікір қалдыру