ОҚО әкімі жолдарды қайта құру жұмыстарын қыркүйектің соңына дейін бітіруді тапсырды

Оңтүстіктегі жолдарды қайта құру жұмыстарының барысына куә болған облыс мәкімі Ж.Түймебаев жол құрылысын салуда шетелдік компаниялардың тәжірибесін алға тартты. Яғни, ең күрделі деген құрылыс нысандарын қысқа мерзімде салып, қолданысқа беруге болатынын ескерген әкім аталған жолды реттеу жұмыстарын тездетіп, қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға беруді тапсырды.Облыс әкімі аралаған екінші нысан — облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу-Қабылсай-Қайтпас-қалалық қоқыс аймағы» автомобиль жолының 10-18 шақырым аралығын қайта құру жұмыстары болды. Жұмыстарды аяқтау 2019 жылдың қарашасына жоспарланған. Аталған жол бөлігінің жалпы ұзындығы 9 шақырымға жуықтайды. «Қасқасу» демалыс аймағына баратын жолдардың даму сызбасы да жұмысшы топтың назарынан тыс қалған жоқ. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Н.Байғұт аталған мәселе аясында әкімге баяндама жасап, болашақ жол құрылыстарының жоспарымен таныстырды. Сайрам ауданы арқылы Төлеби ауданына, одан Қасқасу демалыс аймағына баратын жолдар мен осынау өңірлердегі туризмді дамыту мақсатындағы бүкіл жолдардың инфрақұрылым мәселесін шешетін жобаларды айтқан басқарма басшысына облыс әкімі жұмыстарды үнемі бақылауда ұстап отыруды және келесі жылға дейін пайдалануға беру жағын қарастыруды тапсырды. Оңтүстікте жыл санап туризм саласы дамып келе жатқанын алға тартқан Жансейіт Қансейітұлы қаланың кіріс-шығысы мен Сайрам, Төлеби, Қазығұрт, Ордабасы бағытындағы жолдардың бәрін дамыту қажеттігіне тоқталды.  

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*