Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі Қ.Төлеметов көшесінің қайта құру жұмыстарына куә болды. Құжаттағы атауы — «Кіші айналма жолды қайта құру» (Қалалық қоқыс орнынан Жібек жолы көшесіне дейін ПК 63 – ПК 107) деп аталатын жол бөлігінің тиісті жұмыстары екі жыл басталған. Ұзындығы 4,4 шқ. болатын бөлікті барынша тез арада бітіруді айтқан әкім сапасын да естен шығармауды нұсқады. Төрт жолақты тас жолдардың бойында көп қабатты үйлер салынып, сәнді ағаштардың егілуі, аяқжолдардың да қарастырылуы керектігін ескерткен әкім Шымкентте шаһар атына сай құрылыстар болуы керектігін айтты.Өңір басшысы бастаған топ облыстық маңызы бар КХ-37 «Шымкент-Қызыләскер-Түйетас» автомобиль жолының 0-3,9 шақырым аралығын қайта құру бойынша атқарылған шаруаны да көрді. Өткен жылдан басталған жұмыстар осы жылы қарашаға дейін бітуі тиіс. Халыққа барынша ыңғайлы орта құру қажеттігіне назар аударған бірінші басшы күн суымай қолданысқа беруді тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі: Жылу маусымына дайындық жұмыстары 25-тамызға дейін толық аяқталуы керек
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен келелі жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев, күрделі және ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан денсаулық сақтау нысандарының құрылысы барысын жайлы өңір басшысына баяндады.Сонымен қатар, жиын барысында қысқы маусымға дайындық […]
ОҚО әкімі бокс саңлақтарымен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірде өтіп жатқан бокстан республикалық біріншілік қарсаңында сала саңлақтарымен кездесті. Олардың қатарында ҚР бокс федерациясының вице-президенті Юрий Цхай, Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, ҚР еңбек сіңген […]
2018-жылы Шымкенттен Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына сай жанармай шығарылмақ
Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталса, елімізде Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына сай жанармай мен дизель отыны шығарыла бастайды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозынбаевтың өңірімізге іс-сапары барысында айтылған болатын. «ПетроҚазақстан» мұнай өңдеу […]
Пікір қалдыру