ОҚО әкімі Бәйдібек ауданындағы «Тау Алма Бақ» ЖШС-нің жұмысымен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының потенциалы әлі де болса толық пайдаланылмай келеді. Бұл ретте жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын «Шаян» индустриалды аймағының тиімділігін арттырып, негізгі өндіріс ошақтарын осында шоғырландыру қажет. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлердің құлшынысын арттыратын тың әрі ілкімді жобалардың әзірленуіне мән берген жөн. Бұл туралы Бәйдібек ауданына іс-сапармен барып, атқарылған жұмыстардың барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.Өңір басшысы алдымен Боралдай ауылдық окурігіне қарасты Талап елдімекеніндегі «Тау Алма Бақ» ЖШС-нің жұмысымен таныс болды. Аталған кәсіпорын құрылтайшылар есебінен жалпы құны 2 миллион АҚШ долларын құрайтын 43 гектарға қарқынды бау отырғызыпты.  2013 жылы қолға алынған жобаның мақсаты – бау көлемін 83 гектарға жеткізу. 107 гектар жерді толық қоршап, тірлігін дөңгелетіп отырған мекеме алдағы уақытта әр гектардан 50 тоннаға дейін өнім алуды жоспарлап отыр. Серіктестік басшысы Сейтжаппар Әбдусадықұлы облыс әкіміне алмадан бөлек   жаңғақ егу ісін де қолға алып отырғанын жеткізді.«Борайдай ауыл округінің таулы аумағы алма егуге өте қолайлы. Сондықтан баудың көлемін жыл санап арттырып, жаңғақ егуді де қолға алғаныңызды құптаймын. Алдағы уақытта өзге окургтерден де бау егуді қолаға алсаңыз, аудан әкімдігі тарапынан барлық қолдаулар көрсетілетін болады», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*