ОҚО әкімі «Шаян» индустриалды аймағында іске асқалы отырған жобалардың барысымен танысты

Оңтүстік Қазкақстан облысының әкімі Бәйдібек ауданындағы «Шаян» индустриалды аймағына да атбасын бұрып, ондағы іске асқалы отырған жобалардың барысымен танысты. Жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын аймақ бүгінде барлық инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтылған. Ендігі мәселе —  инвесторлар тартып, жаңа жұмыс орындарын көптеп ашатын кәсіпорындарды шоғырландыру.«Индустриалды аймақтың мүмкіндігін тиімді пайдалана алмай отырсыздар. Әлі күнге мұнда кәсіпорын құру жұмыстары қолға алынбай келеді. Осы ретте аудан әкімінің жұмысына сын айтуға болады. Жыл соңына дейін нақты іске асырылатын жобаларды талқылап, алдағы жылы кәсіпорындарды тездетіп ашуды тапсырамын», — деді облыс әкімі.Мұнан соң өңір басшысы Ақбастау ауылдық округіндегі «Домалақ ана» кесенесі аумағындағы жібек өндіретін қожалықтың жұмысымен танысты. Жібек өндіруді қолға алған кәсіпорын бүгіннің өзінде сол маңға 140 мың түп тұт отырғызыпты. Биыл қожалық Шаян ауылынан «ОN –Бәйдібек» қолөнер орталығын ашып, жібектен кілем тоқу, киізден шұлық басу, қазақы ою-өрнектпен шапан тігу ісін де жандандырып отыр екен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*