ОҚО әкімі Шейх Халифаның Бәйдібекте ауданындағы құс өсіру орталығына барды

Оңтүстік Қазкақстан облысының әкімі Жансейіт  Түймебаев, Бәйдібек ауданында Араб инвесторы Шейх Халифаның құс өсіру орталығына барды. Айта кету керек құс шаруашылығы күн санап дамып келеді. Қазіргі таңда, 895 гектар жерді алып отырған кәсіпорын 3,5 млрд теңге шетел инвестициясын тартып, дуадақ құсы түрінің басын 4 мыңға жеткізіп отыр. Бұдан жылына бюджетке 700 млн теңге салық төлейтін инвесторлар жобаның үшінші кезеңін іске асырып жатқанын айт кету керек.Бұл елімізде алғаш ашылған кәсіпорынға 2016-2018 жылдары жобаның үшінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында 13 млрд. теңге шетел инвестициясы тартылған. Егер үшінші кезең еңсерілсе, жылына 15 мыңға жуық дуадақ өсіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жұмысшылар санын 400-ге жетеді. Бүгінге дейін 895 гектар жер көлемін алып тұрған орталыққа 3,5 млрд. теңге шетел инвестициясы тартылып, ауданның 156 тұрғыны жұмыспен қамтылған.Сондай-ақ шетелдік кәсіпорын аудандағы 5 әлеуметтік нысанның құрылысын өз қаражатына жүргізуге ниет етіп отыр. Аталған кәсіпорынға арнайы барған облыс әкімі мұндағы арқарылған жұмыстарға да оң бағасын берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*