ОҚО-да қызметтік әдеп нормаларын бұзушылыққа байланысты тәртіптік істер төмендеген

ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Айбек Шілманов пен облыс әкімінің кеңесшісі – облыстық жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев өздері жетекшілік ететін салаларда атқарылған жұмыстардың 6 айлық қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.Кездесу барысында Айбек Ақбергенұлы 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында 956 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс жарияланғандығын мәлімдеді. Оның 501-і (53 %) жеңімпаз ретінде анықталып, меритократия принциптеріне сәйкес, 179 (36 %) жеңімпаз төменгі лауазымнан жоғары лауазымға тағайындалған.  «Ұлт жоспарының 4-қадамына сәйкес, облыс бойынша 505 жаңадан тағайындалған қызметшілер 3 ай сынақ мерзімінен сәтті өтті. 2017 жылдың І жарты жылдығында қызметшілердің барлығы тағылымдамадан өтті», — деді А.Шілманов.

Сонымен бірге, басшы міндетін атқарушы Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысына тоқталып, 2016, 2017 жылдардың есептік кезеңдеріндегі аталған кеңес жұмысының статистикалық мәліметін салыстырды. Оған сәйкес, сыбайлас жемқорлық және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарын алдын-алуға бағытталған іс-шаралардың жүзеге асырылуына байланысты қаралған тәртіптік істер 26%-ға төмендеген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*