ОҚО-да 6 айда Әдеп жөніндегі уәкілге 10 арыз келіп түскен

Оңтүстік Қазақстан облыстық жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев осынау жарты жылдық ішінде мемлекеттік қызметшілер мен басқа да азаматтардан 10 арыз түсіп, өтініш иелеріне жауаптары жолданғанын жеткізді. Сонымен бірге, Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке қабылдауында 11 адам болып, жазған арыздарына заң талаптарына сай тексеру жүргізіліп, жауаптары берілген.«Әдеп жөніндегі уәкілге сымтетік арқылы 6 адам хабарласып, олар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің дөрекі мінез көрсеткеніне, Азаматтық құқықтарының бұзылғанына және ауылдық округ әкімі тарапынан Әдеп Кодексі талаптарының орындалмауына қатысты шағымданды. Сондай-ақ, азаматтар ауылдық округ әкімінің қызмет сапасына, ауылдағы тұрғындар арасындағы моральдық-психологиялық ахуалдың төмендігіне, сонымен бірге, қала әкімінің жеке қабылдауына кіруге көмектесуін сұрады. Бұл өтініштердің барлығына сол уақытта тиісті жауапты мемлекеттік қыметшілермен хабарласа отырып шешімін тапты. Кейбір қойылған сұрақтарға түсініктемелер берілді» — деді Ә.Әлішев.

Мұнан бөлек, Әдеп жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен арыздардың 8-і құзіреттілікке байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментіне жіберіліп, біреуі бойынша қозғалған тәртіптік іс Әдеп кеңесінің сотырысында қаралған. Нәтижесінде, тиісті мемлекеттік қызметкерге «қатаң сөгіс» беріліпті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*