ОҚО әкімі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық жол құрылысының барысымен танысты

Жол мұраты – жету. Ал діттеген жеріңе шаршамай, қиындықсыз баруға жол бойындағы сервистік қызметтер мен инфрақұрылымдық нысандардың талапқа сай болуы зор маңызға ие. Бұл жөнінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіндегі жол құрылысының барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.«Елдің өркендеп, кемелденгенін білгің келсе, жолына қара» деген сөз бекер айтылмаған. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынастары айрықша мәнге ие. Ерте кездерде жеріміздегі ірі қалалардың көбісі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен. Қазіргі таңда қайнаған тіршіліктер осындай күре жолдардың бойында шоғырланған. Жолдар шын мәнісінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Сондықтан жол бойындағы инфроқұрылымдық нысандарды халықаралық талапқа сай етіп салуымыз керек. Сонда өңірімізге туристер көбейетін болады», — деді аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы.Сондай-ақ әкім, бірнеше мың шақырымды артқа тастап шығатын жолаушылар үшін ыңғайлы болу мақсатында аталған жол бойына бекеттер салуды тапсырды. Яғни, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолында болашақта жанармай құятын бекеттер мен дүкендер, асханалар, тіпті шағын мотельдер де бой көтеретін болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*