ОҚО-да құрылысшылар күнінде 40 жуық сала маманы марапатталды

Құрылысшыларды төл мерекесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс саласына еңбегі сіңген үш азамат ҚР Индустрия және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісіне ие болса, бір адам «Құрметті жолшы» төсбелгісін, бес азамат аталған министрліктің Алғыс хатын алды. Он үш сала маманына өңір басшысының Грамотасы берілсе, бес азамат әкімнің Алғыс хатымен наградталды. Сонымен қатар, бұл күні 40-қа жуық құрылыс саласына қатысты азаматтар марапатталып, ел адындағы мерейі үстем болғанын айта кеткен жөн.            Жалпы, 2017 жылы облыс аумағында 209 әлеуметтік нысан құрылысы бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылуына 64,9 млрд.теңге қаралды. Сондай-ақ жыл соңына дейін 116 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Ұлттық қордан – «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 32 мектеп құрылысын жүргізуге 17,4 млрд.теңге бөлінсе, 2016 жылдан өтпелі 19 мектепті биыл пайдалануға беру жоспарланып, бүгінгі күнге 5 мектеп тапсырылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*