ОҚО-да құрылысшылар 11 мыңға жуық пәтер салып жатыр

 Тұрғын үй құрылысы дамуының негізгі факторы – құрылысқа инвестициялық қаржылардың көптеп бағытталуы болып табылады. Баспанамен қамтамасыз ету – халықтың тұрмыс деңгейі дамуының негізгі көрсеткіші. 2017 жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы Оңтүстік Қазақстан облысында 226 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл дегеніңіз 10 879 пәтер. Жыл соңына дейін 115 үйді (6375 пәтер) пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.           «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 2017 жылдың жеті айында ОҚО аумағында 348,0 мың ш.м. (3154 пәтер) тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 115,%-ға орындалды. 2017 жылдың жоспары – 550,6 мың ш.м. тұрғын үйді аяқтау жоспарланса, жыл қорытындысымен 700 мың ш.м. пайдалануға тапсырылады деп күтілуде. Жол құрылысы саласын дамытуға 2017 жылы бюджеттен 29 млрд 445,7 млн. теңге қаралып, 584 нысан немесе 1 570 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Облыстық және аудандық маңызы бар 801,8 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін 115,4 шақырым жол құрылыыс аяқталады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*