Ректор Оңтүстік жастарын оқуға шақырады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қостанай облысындағы Рудный индустриялық институтының ректоры, профессор Әбдірахман Найзабековты қабылдады.Кездесуде тараптар еліміздегі білім беру жүйесі мен оған мемлекеттен жасалып жатқан қамқорлық жайын сөз етіп, осы мәселер аясында жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар туралы әңгімелесті.         Әсіресе, облыс басшысы өңіріміздегі жастарды «Серпін-2050» бағдарламасы аясында Солтүстіктегі өзі басқаратын оқу орнына шақыра келген қонақтың ұсынысын құп көріп, оны жүзеге асырудың жай-жапсарын талқылады.Тарихы ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастау алатын Рудный Индустриалдық институты бүгінде техникалық ғылым саласында инфрақұрылымы дамыған заманауи ғылыми-білім кешені болып табылады. Институт құрамында – 3 факультет (тау-металлургиялық факультет, энергетика және ақпараттық жүйелер факультеті, экономика және құрылыс факультеті) пен 7 кафедра бар. Студенттерді оқыту жалпы орта, техникалық және кәсіби, жоғары білім базасында күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысаны бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде 18 бакалавр мамандықтары бойынша жүргізіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*