ОҚО-ның 130 жасы Рудныйдағы индустриялдық институтта оқымақ

Рудный қаласындағы Индустриалдық институт оқытушылары «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша соңғы 2 жылдан бері шалғай ауылдардан талапкерлерді қабылдап, бүгінге дейін 250 студентті (оның 200-ге жуығы ОҚО-дан) маман атандырып отыр. Жоғары оқу орны ректорының айтуынша, биыл тағы 130 студент біздің өңірден Рудныйға аттанып, білімін жалғастырады деп күтілуде. Оқу орнын бітірген түлектердің 95-98 пайызы мамандығы бойынша жұмысқа орналасатынын жеткізген профессор онда жастар үшін барлық жағдайдың жасалғанын мәлімдеді.Әкіммен өткен басқосудан соң Ә.Найзабеков Шымкенттегі Жастар орталығында бірқатар талапкерлермен кездесті. Ректор жастарды Солтүстікте білімін жалғастырып, сонда жұмысқа орналасуға шақырды.

Айта кетейік, «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша, 2014 жылы 1000 грант бөлініп, күнгейлік 326 жас оқуға түссе, 2015 жылы 34 колледжге 1200 грант бөлініп, 359 талапкер білімін жалғастырды. Былтыр 31 колледжге 1000 грант бөлініп, өңірімізден 244 жас оқуға түсті. Жалпы соңғы 3 жылда Оңтүстіктен «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша ЖОО-нда 4698 студент, колледждерде 929 жас білім алуда.

Ал 2017 жылы «Серпін-2050» бағдарламасы аясында ЖОО-на 3793 мемлекеттік грант, ал колледждерге 720 грант бөлініп отыр. 23-31 шілде аралығында мемлекеттік грант иегері атануға өңіріміздің жас түлектерінен «Серпін» жобасына 7849 құжат тапсырылған-ды.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*