Венгриялық кәсіпкерлер ОҚО-да бірлескен кәсіпорындар құруға ниетті

Оңтүстікке келген венгрлік кәсіпкерлер екі ел арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді. Келешекте мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жандандырып, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында тығыз жұмыс істеуге ниетті екендіктерін жеткізді.«Венгрия — Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптесі. Екі ел арасында Қазақстан-Венгрия стратегиялық кеңесі, экономикалық ынтымақтасық жөніндегі үкіметаралық комиссия, Іскерлік кеңес, сондай-ақ, тікелей инвестициялар бойынша Қазақстан мен Венгрияның бірлескен қоры жұмыс істейді. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, Оңтүстік Қазақстан облысында бірлескен кәсіпорындар құру туралы келісімдер жүргізетін уақыт жетті.  Бұл қадамдар екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі арттырары сөзсіз», — деді Венгрияның Алматыдағы бас консулы Блауманн Ференц.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысымен мен Венгрияның сауда-саттық байланысы 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында 1 млн АҚШ долларын құрады.  2017 жылдың 28 қаңтары күні өңірімізге Венгрияның сырты экономикалық байланыс және сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Микола Иштванаи мен Венгрияның Қазақстандағы елшісі Андраш Барани арнайы келген болатын. Сол кезде Шымкентте Венгрияның құрметті консулдығы ашылып, құрметті консул болып Қайрат Молдасейітов тағайындалған еді. Бүгінгі кездесудің қорытындысында қонақтар облыс басшысына Венгрияға арнайы келіп-кетуді ұсынды. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*