Түркістанда 5 қабатты 8 үй ел игілігіне берілді

Түркістан қаласында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында салынған 5 қабатты 8 үй ел игілігіне тапсырылды. Бұл күні баспана кезегінде тұрған әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мүгедектер және жалғыз басты аналар сынды 480 отбасы баспаналы болды.Жаңадан бой көтерген «Отырар» шағын ауданындағы қоныс тойға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, тұрғындарға пәтер кілтін табыс етті.

«Елбасының тапсырмасымен бүгінде еліміздің әрбір аймағында түрлі бағдарламалар аясында тұрғын үйлер салынып жатыр. Бүгін міне Мемлекет басшысының көрегенді саясатының  нәтижесін көріп, оның куәсі болып отырсыздар. Көп жылдар бойы кезек күткен отбасылар бүгін бір-бір шаңыраққа ие болды. Бір күнде 480 пәтердің берілуі ол бір Түркістан емес, облысымыз үшін үлкен оқиға деп айтуға болады. Енді мұнда жаңадан 480 отбасы, яғни, үш мыңдай азамат өмір сүретін болады. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын дей отырып, әрбір шаңыраққа бірлік пен береке тілеймін»,-деді аймақ басшысы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*