ОҚО әкімі Түркістан қаласына барды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Түркістан қаласына қарасты Құмтиын елді мекеніндегі «Құлыншақ» балабақшасының ашылу салтанатына қатысты. Құрылысы өткен жылы бастау алған бүлдіршіндердің алтын ұясы ауыл тұрғындары үшін күрделі мәселенің бірі болып келген. 1825 тұрғыны бар Құмтиын елді мекеніндегі мектеп жанындағы шағын орталықта 80 бала тәрбиеленіп келген.  Ендігі жерде 120 орындық типтік үлгідегі балабақша ғимараты мұндағы күрмеулі мәселенің шешіміне баланып отыр.Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапарында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев сүт өнімдерін қайта өңдейтін «Мұзды тау» өндіріс орнының жұмысымен танысты. 2013 жылдан бері балмұздақтың 30 түрін шығаратын өндіріс орны өнімдерін еліміздің 5 облысына таратып келеді. Жалпы құны 450 млн. теңгені құрайтын жобаның жылдық қуаттылығы 900 тонна өнім шығаруға қауқарлы. 2016 жылы кәсіпорын 118,6 млн. теңгенің өнімін өндірсе, биыл 140 млн. теңгенің өнімін нарыққа шығаруды межелеп отыр. Мұнда 50 адам жұмыспен қамтылған.Тұрғындарды жұмыспен қамтып, қала экономикасының дамуына үлесін қосып отырған кәсіпорынға аймақ басшысы оң бағасын беріп, шағын кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы жас азаматтарға мемлекеттен берілетін қолдауларды кеңінен насихаттауды қала әкіміне айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*