ОҚО-да алдағы жылы 30 шағын су қоймасының құрылысы басталмақ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясы отырысының кезекті мәжілісі өтті. Жиынға комиссия мүшелері, аудан, қала әкімдері мен жауапты баскарма басшылары қатысты.Күн тәртібінде су тасқыны қауіпін алдын алу және жою бойынша 2017-2020 жылдарға арналған «Жол картасы» жобасына енгізілген 1-кезеңдік іс-шаралардың жүзеге асыру барысы талқыланды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Тұрғанбек Оспанов баяндама жасады.

Оның айтуынша, өңірдегі су тасқынына қарсы инженерлік 98 іс-шара атқарылып, су жинақтау көлемі 342,75 млн. шаршы метрді құрайтын 30 шағын су қоймасы айқындалыпты. Нәтижесінде 12 нысан бойынша жобалау сметалық құжаттама әзірленген. Биыл жергілікті бюджеттен 2 нысанға 174, 2 млн. теңге бөлінсе, қалған 10 нысанға 960,98 млн. теңге қарастырылған. Алайда республикалық жол картасын бекіту кезінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 29 нысан енгізілмей қалған. Осы қалған 29 нысан бойынша облыстық деңгейде арнайы іс-шаралар кешені әзірленіп, облыстық бюджеттен 2,1 млрд. теңге бөлінген.  Жалпы құны шамамен 6,3 млрд. теңге болатын 30 шағын су қоймасының құрылысын жүзеге асыру IІ — кезеңнен тұрады. Бүгінгі күні аталған жоспардың бірінші кезеңінде жалпы құны 3,8 млрд. теңге болатын 5 жобаны іске асыру жоспарланған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*