ОҚО әкімі Шымкенттегі тұрғын үйлерге су жылыту құрылғыларын орнатуды тапсырды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, өңірдегі мекемелерде энерго аудит, яғни «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» аудит жүргізу жөніндегі тиісті жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін атқаруды тапсырды.«Шымкент қаласында баламалы көздерді (күн сәулесінен) пайдалана отырып, электр қуаты мен табиғи газды үнемдеу үшін көпқабатты тұрғын үйлерге су жылыту құрылғылары орнатылуын тапсырамын. Тапсырманы қатаң бақылауда ұстау қажет», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Мәжілісте сондай-ақ облыс аумағындағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық шаралары талқыланды.  Бұл ретте облыс әкімінің көршілес облыстар мен шетелдің оң тәжірибесін қолданысқа енгізу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы сөз болды. Десек те, көшені тазалау, бей берекет күл-қоқыстарды жою және үй қасбеттерін әктеу, сырлау бойынша тапсырмалардың орындалуы баяу. Атап айтқанда, көше бойларын тазалау бойынша жоспар Шымкент қаласында – 30 пайызға,  Отырарда – 31,  Ордабасыда – 38, Мақтааралда– 40, Арыста – 42, Шардара ауданында 49 пайызға ғана орындалған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*