ОҚО-да жаңа оқу жылында 73 мың бала 1-сыныпқа барады

Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жаңа 2017-2018 оқу жылына дайындық барысы туралы баспасөз конфенциясында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібек мәлім етті. Оның айтуынша, білім күнінде облыста құрылыс жұмыстары аяқталған жаңа 20 мектеп ғимараты пайдалануға беріледі. Ал оның 6-уы жаңадан ашылып, өңірдегі орта мектептің саны 1021-ден 1027-ге жетіп отыр.  Сондай-ақ, ол 7 жекеменшік мектеп жұмыс істейтіндігін атап өтті.Баспасөз конференциясында мәлім болғандай жалпы облыста 79 білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Оның жыл басынан бері 7-уі тапсырылса, 22-сі жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Ал қалған 58-і келер жылға өтпелі.  Осының нәтижесінде осы жылы 8 апатты және 12 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі. «Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Өңірдегі 1034 мектепте жаңа оқу жылында 640 мыңға жуық оқушы білім алады деп күтілсе, оның 73 мыңы бірінші сыныпқа барады деп жоспарлануда», — деді Ұ.Сәдібеков.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*