Қазығұрттағы индустриалды аймақта 5 жоба іске асқан

Қазығұрт ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайлы Төлеген Телғараев, Оңтүстік Қазақстан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндаған аудан басшысы өткен жылы «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» бағдарламасына енген  жалпы құны 2,6 млрд. теңге болатын 7 жобаның бүгінде 5-уі  іске қосылғанын айтты. Осының нәтижесінде 162 адам тұрақты жұмыспен қамтылғанын айта кету керек. Ал, 2017 жылдың соңына дейін қосымша 2 жаңа жоба іске асырылып, 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Бұл кәсіпорындардың жалпы құны 722,7 млн. теңге болатынын атап өтті.«2017 жылдың 6 айында өндірілген өнім көлемі 2964,2 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 105 % құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 441 млн. теңгеге артық өнім өндірілді. Олардың ішінде кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары бойынша 40,7 млн. теңге, өңдеу өнеркәсібі бойынша 2363,6 млн. теңге, электрмен жабдықтау, газ беру бойынша 527,8 млн теңге, сумен жабдықтау бойынша 32,1 млн. теңгеге өндірілді. »,- деді Т.Телғараев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*