Біріккен Араб Әмірлігінің компаниясы ОҚО-дан қоқыс өңдейтін зауыт салуды қарастыруда

Біріккен Араб Әмірлігінің «Schneider & Danzey FZC» компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысынан тұрмыстық қатты заттарды қайта өңдеуден өткізетін зауыт құрлысын салуға ниетті. Бұл туралы аталған компанияның басшылары Йорга Шнайдер мен Крейг Дензидің Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде мәлім болды. Кездесу барысында қонақтар өңір басшысына компания туралы толық ақпарат беріп, іске асырылғалы отырған инвестициялық жобасын таныстырды. 25 жылдық тарихы бар компания түрлі салаларда еңбек етеді. Негізінен бизнес жобаларды әзірлеп, инвестициялық ірі құрылымдарды құруға жәрдемдеседі. Компанияның бас ғимараты Біріккен Араб Әмірлігінің Рас-Ал-Хайма қаласында орналасқан.

«Біздің мақсатымыз —  Оңтүстік Қазақстан облысынан тұрмыстық қатты заттарды қайта өңдеуден өткізетін зауыт салу.  Бұл ретте біздің компания негізгі екі бағытта жұмыс істеуді көздеп отыр. Оның алғашқысы – тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу болса, екіншісі – жасыл экономика саласын дамыту. Аталған екі жоба да экологияға зиянсыз әрі екі жаққа да өте тиімді деп ойлаймыз», — деді Йорга Шнайдер мырза.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*