ОҚО әкімі Біріккен Араб Әмірліктерінен келген инвесторлармен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысыныі әкімі Ж.Түймебаев, БАӘ келген кәсіпкерлердің инвестициялық жобасымен танысқан облыс басшысы өңірдің экономикалық әлеуетін баяндап, инвесторларға мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді түсіндірді.

«Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша облысымызға бұған дейін де бірнеше ұсыныстар келіп түскен болатын. Алайда олардың бірқатары қағаз жүзінде іске аспай қалды. Оған бірқатар себептер болғаны да жасырын емес. Ендігі мәселе – аталған зауыттың құрылысын тездетіп бастап, іске асыру өте маңызды. Бұл ретте жергілікті билік арнайы жұмысшы тобын құрып, атқарылатын шаруалардың кестесі түзілуі тиіс», — деді Ж. Түймебаев.

Бүгінде облыс халқының саны күн санап артып келеді. Яғни тұтынушы бар жерде қоқыстың да арта түсетіні заңдылық. Осы мәселеге тоқталған өңір басшысы аталған зауытты Түркістан мен Кентау қалалары төңірегіннен немесе Сарыағаш, Мақтарал аудандарының маңынан салуды ұсынды.

Қонақтар облыс басшысының бұл ұсынысын қабыл алып, аталған аумақтарға арнайы барып танысып қайтуға ниетті екендіктерін жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*