ОҚО-да аэровизуалды жұмыстарын жүргізуге қазынадан 32 миллион теңге қарастырылған

Таулы алқаптардағы мұздақ көлдердің бүгінгі жай-күйі туралы Қазақстан республикасы Ішкі істер министрлігі өтенше жағдайлар комитетінің «Қазселденқорғау» Оңтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық пайдалану техникалық басқармасы филиалының директоры Ербол Әлзақ, облыс басшысына бірқатар өзекті мәселелерді баяндады. Оның айтыунша, өткен жылғы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде облыстың таулы аймақтарында 40 мұздақ көлдің бар екені анықталған. Оның ішінде 7-і көмілген көлдер санатына жататынын айта кеткен жөн.«Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында Қаржантау, Өгем және Майдантал таулы жоталарына биыл 1 рет аэровизуалды және 4 рет жерүсті зерттеу жұмыстары жүргізілген. Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша мұздық көлдерден төніп тұрған қауіп жоқ екендігі анықталып отыр», — деді Е. Әлзақ. Ағымдағы жылға облыс бюджеті тарапынан аэровизуалды жұмыстарын жүргізуге 32 млн. теңге қарастырылса, бүгінгі күнге оның 19 млн. теңгесі игерілген. Мәжіліс барысында өңір басшысы облыс аумағындағы тасқын судың алдын алу, өзен-көлдер мен бөгеттердің қазіргі ахуалын бақылау, тау бөктеріндегі мұздақ көлдерді бақылау бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*