Өгем өзенінен ауыз сумен бірге қуат өндіруде көзделуде

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Өгем өзеніне гидротехникалық ғимарат  салынған жағдайда, облыстың Қазығұрт, Сарыағаш және Мақтарал аудандарының 400-ге жуық елді мекеніндегі 700 мыңнан аса тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, ауыз суға байланысты мәселе толық шешімін табады.Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше, жоба іске асқанда Өгем өзенінде гидротехникалық имарат (сооружение) салынып, одан үш ауданға — Сарыағаш, Мақтаарал және Қазығұртқа 3-3,5 м3/сек көлемде су тартылады. Одан соң, тартылатын суағарлар (водовод) бойынан кіші су электр стансалары бой көтеріп, 51,7 МВт электр қуаты алынады деп күтілуде.

Еске салайық, «Өгем» өзені көршілес Өзбекстанның аумағында ішінара орналасып, трансшекаралық өзендер қатарына жатқандықтан, осы жылдың ақпанында Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары Үкіметінің бірлескен жұмыс тобы бас қосқан болатын. Онда қос елдің өкілдері екіжақты ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері бойынша отырысында «Өгем» өзенінің суын бұру келісілген болатын.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*