ОҚО-да автобустарға GPS құралдары қойылып заңсыз жолаушы тасмалдауға қарсы күрес жүріп жатыр

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында  автобустарды жаңалау, оларды GPS құралдарымен жабдықтау, заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою сынды түрлі бағыттарда  жұмыстар атқарылып жатқанын айта кетуіміз керек.Одан соң Оңтүстік Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары саласында атқарылған шаруаларға тоқталған Ролан Ибрагимов Оңтүстік Қазақстан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 20 928,9 шақырымды құрайтынын айта кетті. Сонымен қатар, олар — республикалық маңызы бар 837 шақырым (95% қанағатты), облыстық маңызы бар 4 261,2 шақырым (58,7% қанағатты), аудандық маңызы бар жолдар 1 642,7 шақырым (64,4% қанағатты), елді-мекен көшелері 11 377,1 шақырым (59,9% қанағатты) және Шымкент қаласы көшелері 2 810,9 (41,4% қанағатты).«2017 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуда 584 нысан немесе 1 570,9 шқ. жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылып жатса, 6 айдың қорытындысына сәйкес, бүгінге дейін 2 көпірдің орташа және 1 автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді», — деді басқарма басшысының орынбасары Ролан Ибрагимов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*