МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ АСТАНАЛЫҚТАРҒА ТЕГІН ТАРАТЫЛУДА

Елордасы — Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесінде Мақтарал ауданынан барған бірнеше өнімдер тегін таратылды. Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының 10 тонна қауыны мен 350 кг қауынның қағы, 10 тонна қарбыз астаналықтарға тегін тарту етілді. Сондай-ақ, ауданнан жіберілген 3 тонна қызанақ, 3 тонна қияр, 2 тонна қырыққабат, 2 тонна пияз, 2 тонна сәбіз, 1 тонна болгар бұрышы, 2 тонна баклажан, 3 тонна картоп, 15 тонна қарбыз, 15 тонна қауын т.б. 1 тонна жеміс-жидек өнімдері 15 % жеңілдікпен сатылуда.«Әлемдегі ең тәтті қауын Мырзашөлдің қауыны десем артық айтқандық емес. Дегенмен, Астанада бағасы қымбат болғандықтан көп студенттердің оны сатып алуға қалтасы көтере бермейді. Бүгін астаналықтардың, әсіресе астаналық студенттердің қуанышында шек жоқ. Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күндері аясында тегін қауын таратылып жатқанын естіп келіп отырмыз. Жаңа оқу жылын осылайша молшылықпен бастап жатырмыз» — деді Айдана Базарбаева.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*