Мәжіліс депутаты Мақтааралдағы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының жұмысымен танысты

Мақтарал ауданына іс-сапармен ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан келді. Ең алдымен, Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының жасаған ғылыми жаңалықтарымен танысқан депутат мақтаралдық ғалымдардың жетістіктерін көріп, аудан әкімі Ғ.Исмаиловпен бірнеше объектілерді аралады.«Мақта шаруашылығындағы ғылыми-зерттеулерді дамыту арқылы отандық бәсекеге қабілетті мақтаның жаңа сорттарын шығару, мақта өндірудің тиімділігін, инновациялық технологияларды өндіріске ендірумен Мақтарал ауданында Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғалымдары айналысып бірқатар жетістіктерге жетті. Елімізде отандық мақта сорты жоқ еді және біз көрші мемлекеттерге тәуелді едік. 2000 жылдан бастап бәсекеге қабілетті өзіміздің отандық сорттарды шығара бастадық, қазіргі таңда оларды мақта өндірушілер пайдалана отырып, жалпы егістіктің 85%-на ендірді. Соңғы жылдары институт ғалымдары 30-дан астам инновациялық технологиялар жасап оларды өндіріске ендіруге ұсыныс берді, 48 инновациялық және селекциялық патенттерге, 144 авторлық куәлікке ие болды» — деді институттың басшысы Ибадулла Үмбетаев. Сондай-ақ, институтта фермерлерге білім тарату орталығы ашылып, мақта өндіретін өңірлерде 5 шаруашылықтың базасында институттың ғылыми жетістіктерін көрсететін алаңдар ұйымдастырылған екен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*