Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан мақтааралдықтардың мәселелерін тыңдады

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан, Мақтаарал аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында аудан тұрғындарын қабылдады. Тұрғындар онкология және кардиология аурулары орталығын ашу, мәдениет үйлерінің ахуалын түзеу, мақта құртына берілетін химикаттардың сапасын түзеу, биолабараторияларды көбейту жөніндегі мәселелерді депутатқа жеткізді.«Бұрын халықпен кездескенімізде бірыңғай су, электр, газ мәселелерін көтеретін. Құдайға шүкір, ол мәселелер бір жүйеге қойылып, ретке келді. Қазір тұрғындар «балама спорт мектебікерек, өнер үйірмелері керек» деген сияқты талаптарын жеткізуде. Бұл еліміздің дамып жатқандығын көрсетеді» — деді Қ.Ержан.

Сонымен қатар, 1 ай бұрын пайдалануға берілген M-39 «Ташкент — Термез» бағытындағы халықаралық транзит дәлізінің хал-ақуалын көріп қайтты. «Сырдария» кеден бекетінде болған Қ.Ержан кеденнен өтушілерді әңгімеге тартып, бекеттің жұмысының сапасы туралы сұрады. Жолаушы Фархад Садиров кеденшілер тарапынан ешқандай кедергінің жоқтығын айтып, туған жері Жызақ пен Ташкенттің арасы 70 км-ге қысқарғанын қуанышпен жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*