ҚР Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев мақтааралдықтармен кездесті

Мақтарал ауданына іс-сапармен Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев келді. Тұрғындармен кездесу жиынына аудан әкімі Ғалым Исмалов, ауылдық округтің әкімдері мен бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп директорлары мен мәдениет саласының мамандары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.Сонымен қатар, мінберге шыққан депутат биылғы тарихи оқиғалар жайлы сөз қозғады. Мемлекеттің даму бағытын айқындаған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауынан бастап, ондағы әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру мәселелеріне тоқталды. Жаһанның ең озық технологияларын елімізге ендіру арқылы цифрлы Қазақстан құру мәселелері төңірегінде жасалынып жатқан жұмыстар жайлы айтып өткен депутат дәл осы Жолдауға байланысты Парламентте 84 заң жобасы қаралғанын атап өтті.«Қазақстан — мұхитқа шыға алмайтын мемлекет. Біз ірі магистралді жолдар салу арқылы ғана шетелдермен байланысымызды, сауда-саттығымызды нығайта аламыз. Сондықан, «Нұрлы жол» бағдарламасы жұмысын тоқтатпайды» — деді Ә.Бектаев

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*