ӘЛИ БЕКТАЕВ: ҚАЗАҚ ҚАШАНДА БІРТҰТАС ҰЛТ БОЛҒАН

ҚР Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Президентіміздің мақаласына мақтаралдықтардың айрықша назарын аудартып, мақаладағы басты 3 мәселе жайлы айтып өтті. Ұлттық код, ұлттық сана, отбасылық құндылық мәселелерін көтерген Ә.Бектаев қазақ қашанда біртұтас ұлт болғанын, Қазақстаннан табылған 4 мың жыл бұрынғы сүйек дәл қазіргі қазақтардың генетикалық кодына 100% ұқсағанын деректермен келтірді.Сондай-ақ, бүгінгі таңда жастарға білім беру ісінде әлемдегі ең мықты тәжірибелер қолданылып жатқанын, жаһанның озық технологияларын ең бірінші болып пайдалану үшін де әрбір қазақ ағылшын тілін білу керектігін айтты. Жаһандану жүріп жатқан бүгінгі дәуірде, әсіресе, қазақтың отбасылық құндылықтарын сақтап қалу қажеттілігіне тоқталған депутат: «Қазақ қашанда ата-анасын құрметтеген, қызын сыйлап төрге отырғызатын халық болған. Жетімін жылатпаған, үлкенді сыйлап, кішіні ізеттеген. Осыдан он шақты жыл бұрын қарттар үйінде, балалар үйінде қаракөздерімізді көрмейтін едік. Ал, бүгін қалтасы қалың болса да ата-анасын қарттар үйіне сүйрейтін азаматтар көбейіп кетті» — дейді және осындай рухани құлдырауларға тосқауыл қою үшін дер кезінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы өмірге келгенін еске салды.Жиынның соңында ауданның тұрғындары депутатқа елдің болашағы жайлы көптеген сұрақтар қойып, жауаптар алды. Тұрғындар айтқан кейбір мәселелерді Парламентте көтеретіндігін айтқан депутат бұдан кейін де Мақтарал ауданына бірнеше рет келетінін жеткізді. Аудан әкімі Ғ.Исмаилов депутатқа өз алғысын білдіріп, депутаттармен әрқашан бірлесе жұмыс істеуге дайын екендігін айтып, жиынды қорытындылады

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*