Ж.Түймебаев кооператив төрағаларына 10 модульді сүт бекетінің кілтін тапсырды

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмысы қарқынды түрде жүргізілуде. Осы мақсатта облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасымен  жыл басынан бері ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары мен кооперативтердің артықшылықтары туралы облыстың барлық аудан-қалаларында мамандандырылған көшпелі семинар-кеңестер ұйымдастырылып  келеді.    Дәл осындай кезекті семинар Шымкент қаласында ұйымдастырылды.  Бұл жолғы шара өңірдегі сүт кластерін дамытуға арналып отыр. Жиынға облысымыздың барлық аудандарынан ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары, қаржы ұйымдарының өкілдері, шаруалар мен кооператив мүшелері қатысты. Шараның мақсаты — ауыл шаруашылығы  кооперативтерін құрудағы мәселелер мен кедергілерді анықтап, шаруаларға әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсету.  Семинар шымылдығын түрген  облыс әкімі Жансейіт Түймебаев кооператив төрағаларына 10 модульді сүт қабылдау бекетінің кіліттерін салтанатты түрде табыс етті. 

Айта кетейік, құны 5 млн теңге тұратын сүт бекеттерінің 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланған. Су жаңа бекеттер  сүт сақтауға арналған танкер, арнайы зертхана, тоңазытқыштармен жабдықталған. Бұл өз кезегінде шаруалардың табасын еселеп қана қоймай, өңірдегі сүт  өндірісін өркендетуге сеп болмақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*