ОҚО-да 33 модульді сүт қабылдау бекеті іске қосылды

Оңтүстікте жыл басынан бері ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары мен кооперативтердің артықшылықтары туралы облыстың барлық аудан-қалаларында мамандандырылған көшпелі семинар-кеңестер ұйымдастырылып  келеді. Семинар барысында облыста сүт өндірісін  дамыту жайы талқыланып, шараулар осы салаға бағытталған  мемлекеттік қолдаулар мен жеңілдіктер жайлы пайдалы ақпарттар алды. Шаруалар тарапанынан қойылған сауалдарға қаржы ұйымдарының өкілдері мен сала мамандары тиісті жауаптарын беріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті. «Жыл басында қолға алынған мамандандырылған көшпелі семинарлар бүгінде өз нәтижесін беріп отыр. Түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстарының арқасында өңірде 55 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалықтары біріктірілген кооперативтер  саны 596 — ға жетті.  Осы көрсеткішке орай облысымыз республикада көш бастап отырғанын айта кеткен жөн», — деді Жансейіт Түймебаев. Сондай-ақ өңірде  мемлекеттік қолдау көлемі жылдан-жылға ұлғайып келеді. Мәселен,  биыл ауыл шаруашылығы саласын несиелендіруге республика бойынша 27 млрд. теңге бөлінсе, соның 3,2 млрд теңгесі  Оңтүстік Қазақстан облысына бағытталып отыр. 

Бұдан бөлек, «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы және «ҚазАгро» АҚ ОҚО еншілес мекемелері арқылы шаруалар мен кооператив мүшелеріне түрлі бағдарламалар бойынша жылдық 6 пайызбен несиелер берілуде.  Бүгінгі күні мүшелер саны 20- дан жоғары кооперативтерде 33 сүт қабылдау бекеттері жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда сүт қабылдау бекеттеріне ауыл шаруашылығы арқылы  439 млн теңге инвестициялық субсидия  берілген. Оның ішінде 18 сүт қабылдау бекетіне 50,8 млн  субсидия төленіп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*