Ғалым Исмайлов көкпардан әлем чемпионатында «Ең үздік салымшы» атанған Абылайханды марапаттады

Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізудің қарсаңында Астана қаласында өткен көкпардан І Әлем чемпионатында Қазақстанның тікелей чемпион болуына ықпал етіп, «Ең үздік салымшы» атанған мақтаралдық Абылайхан Шаймерденұлын және оның жаттықтырушыларын аудан әкімі Ғ.Исмаилов марапаттады.Халықаралық спорт додасына 11 командадан (Қазақстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан, АҚШ, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан) 300-ге тарта көкпаршы қатысты. Астана қаласының «Қазанат» ипподромында өткен тұңғыш көкпар чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 4:1 есебімен жеңді. Еске сала кетсек, көкпар ойынынан халықаралық чемпионат ел тарихында тұңғыш рет болып өтті. Сайысқа түркі тілдес елдермен бірге АҚШ командасы да қатысты. Тартысты чемпионаттың күміс жүлдесін Қырғызстан алса, қола жүлдесін Тәжікстан командасы ұтып алды. Жалпы жүлде қорына 18 миллион теңге тігілген болатын.

Абылайхан Шаймерденұлы 1994 жылы ОҚО, Мақтарал ауданында туылған. І Әлем чемпионатында бас-аяғы 9 салым салып, финалдық кезеңде белсенділік танытып, үздік ойын көрсеткені үшін «Ең үздік салымшы» атағы берілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*