Дихан Қамзабекұлы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының ОҚО-да іске асыру жұмысымен танысты

2017 жылдың 8 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ректорының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы, Алаштанушы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Отырар» кітапханасы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д. профессор Тұрсын Жұртбай, ф.ғ.д. профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Амантай Шәріп, Алаш арысы Қошке Кемеңгерұлының ұрпағы Ризабек Кемеңгер, ақын, қаламгер Серік Сейтман, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті ф.ғ.д. профессор Шерубай Құрманбайұлы, Алаш арысы Қошке Кемеңгерұлының ұрпағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к, Қайырбек Кемеңгер «Рухани жаңғыру» қатысты.Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанынан құрылған өңірлік Жобалық кеңседе болып, кеңсенің жұмысымен танысты.Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы өңірлік Жобалық кеңсенің басшысы Б.Әшірбеков Елбасының бағдарламасының Оңтүстік Қазақстан облысында іске асырылуы жөнінде баяндама жасады.Сондай-ақ, өңірлік Жобалық кеңсе қызметкерлері бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру бойынша өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді. Сонымен қатар, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығы жайында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық универсиеті ректорының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша республика көлемінде қолға алынған жобалық менеджмент жұмысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық сананы жаңғырту жобалық кеңсесі тарапынан жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, бүгінде еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда жүйелі жұмыстардың жасалынып жатқанын айтты. Мұнан соң, сөз алған Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Отырар» кітапханасы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д. профессор Тұрсын Жұртбай ұлыстың ұйытқысына айналған Оңтүстіктің жақсы қасиеттері жайлы пайымды пікірін білдірді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*